Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар әскери бөлімшелерді тексерді

Хулуси Акар тексеру жұмыстары барысында Грекияның соңғы мәлімдемелерін бағалады.

1680893
Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар әскери бөлімшелерді тексерді

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Грекияның Франциядан сатып алған үш-бес қолданылған ұшақпен күш теңгерімін өзгертуінің мүмкін еместігін білдірді. 

Хулуси Акар Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Яшар Гүлер және Құрлық күштері қолбасшысы генерал Үмит Дүндармен бірге кеше 2-ші Армия қолбасшылығын аралап Операция орталығына барды және 6-шы Механикаландырылған жаяу әскер дивизиясы қолбасшылығы штаб пәтерінде әскери қызметкерлермен бас қосты.

Акар осында жасаған мәлімдемесінде Грекияның Франциядан сатып алған 18 Rafale ұшағы мен грек лауазымдылар жасаған соңғы мәлімдемелерді бағалады. 

Эгей, Жерорта теңізі және Кипрде құқық пен мүдделерді қорғау үшін өз міндеттерін табандылықпен жалғастыра беретіндерін тілге тиек еткен Акар «Қол қойылған келісімдер негізінде бейбітшілік, тыныштық және келіссөз арқылы мәселелерге саяси шешімдер табуды қолдайтынымызды жеткіздік. Грек көршілеріміз болса керісінше, өздерінің арандатушы мәлімдемелерінен және шабуылдаушы әрекеттерінен бас тартпауда» деді. 

Түркияның заң, келіссөз және жақсы көршілік қатынастарын жақтағанын тағы бір рет атап өткен министр Акар «Бір жағынан Лозанна, екінші жағынан Париж келісімдері бар. Грек көршілеріміз бұларды да елемеуге бейім. Осыларды қабылдауымыз мүмкін емес. Келісімдер бойынша әскери емес мәртебеге ие аралдар бар. Тараптар бұл келісімді жасады және келісімде 'бұл аралдардың қарулануы мүмкін емес, олар әскери емес мәртебеде болады' делінген, біз осыған келістік. Олар болса аралдарды қаруландыруда» деді. 

Түркияның қазіргі уақытта Грекияға қарсы шабуылдаушы ұстанымы жоқ екенін атап көрсеткен Акар «Қару жарысына түскен және ұшақтар, қару-жарақ, құрал-жабдықтар сатып алуда. Қолданылған үш-бес ұшақпен күш теңгерімін өзгертуі мүмкін емес. Сондықтан, грек көршілерімізден арандатушы емес, бейбіт және саяси шешімдерге ұмтылып, мәселелерді шешуге бағытталған талпынысымызға үлес қосуын тілейміз» деді. 



Ұқсас жаңалықтар