Президент Ердоған су апаты аймағына барды

Президент Ердоған су тасқынынан зардап шеккендерге 500 тұрғын үй салынатынын мәлімдеді.

1679192
Президент Ердоған су апаты аймағына барды

Президент Режеп Тайып Ердоған су тасқынынан зардап шеккен Ризеде бірінші кезекте 500 тұрғын үй салатындарын мәлімдеді.

Ердоған нөсер жауынға қоса су тасқынынан зардап шеккен Артвин мен Ризеде жүргізілген жұмыстарды тексеру үшін аймаққа барды.

Ризенің Гүнейсу ауданында жұма намазынан кейін халыққа үн қатқан Ердоған су тасқыны кезінде 6 азаматтың қаза тауып, 5 адамның жараланғанын атап, із-түссіз жоғалған 2 адамды іздестіру жұмыстарының жалғасқанын білдірді.

Президент Ердоған су тасқынында қаза тапқандарға Алланың рақымын, туыс-тамырларына сабыр тіледі.

Апат туралы хабар келіп түскен сәттен бастап мемлекеттің бар мүмкіндігімен жұмылдырылғанын баса айтқан Ердоған Ризеде 328-і іздеу-құтқару жұмыскері барлығы 2 мың 860 қызметкер мен 705 техниканың жұмыс істеп жатқаны, апат салдарынан жабылған 426 жолдың толығымен қатынасқа ашылғанын, ауыз суы, энергетика мен коммуникациялық байланыста ешқандай проблема жоқ екенін түсіндірді.

Су тасқынынан зардап шеккендерге қажетті көмектің көрсетіле бастағанын атап көрсеткен Президент бірінші кезекте 15 шілдедегі су тасқынынан зардап шеккендер үшін 550 тұрғын үй салатындарын мәлімдеді.

Ердоған «Су тасқынынан зардап шеккен Ризе мен Артвин тұрғыны бауырларымыз тыныш болсын. Мемлекетіміз барлық мүмкіншіліктері өздеріңмен бірге» деді.

Президент Ердоған Ризеге барар алдында су тасқынының артынан жүргізілген жұмыстар туралы Көлік және инфрақұрылым министрі Адил Қараисмаилоғлунан ақпар алды.



Ұқсас жаңалықтар