Министр Курум АҚШ-тық әріптсі Керримен бас қосты

Керри: «Үлкен жиырмалықтың мықты бір баянмен ортаға шығуы өте маңызды».

1679057
Министр Курум АҚШ-тық әріптсі Керримен бас қосты

Қоршаған орта және қала министрі Мұрат Курум Түркияның энергия саласында орнатылған қуатының 52 пайызының жаңартыла алатын энергия көздерінен құралғанын және елдің бұл тұрғыдан Еуропада 5-ші, әлемде болса 12-ші орында екенін мәлімдеді.

Мурат Курум Италияның Неаполь қаласында «Үлкен жиырмалықтың қоршаған орта, климат және энергетика министрлері жиналысы» болып өткен тарихи Палазцо Реал сарайында Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Климат жөніндегі келіссөзшісі Джон Керримен бас қосты.

Кездесу барысында министр Курум Түркияның климат өзгерісіне қарсы іс-қимыл жоспарын дайындағанын, 14 тармақтан тұратын іс-қимыл жоспарын жүзеге асырғанын, қорғауға алынған және жасыл алаң санын көбейткендерін атап көрсетті.

Парниктік газды азайту үшін Түркияның міндеттемелері бар екенін білдірген Курум осы уақытқа дейінгі уәделерінен де төмен деңгейде парниктік газдар шығарындысының жүзеге асырылғанын мәлімдеді.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның әйелі Эмине Ердоғанның демеушілігімен жүзеге асырылатын нөлдік қалдықтар жобасын жалғастырып жатқандарын атап, Түркияның энергия саласында орнатқан қуатының 52 пайызының жаңартыла алатын энергия көздерінен құралғанын және елдің бұл тұрғыдан Еуропада 5-ші, әлемде 12-ші орында екенін білдірді.

Климаттық дағдарыстың жағымсыз салдарын жоюдың бүкіл әлемнің міндеті екенін айтқан Керри «Үлкен жиырмалықтың мықты бір баянмен ортаға шығуы өте маңызды» деді.

Керри Ризеде су тасқыны салдарынан қаза тапқандар үшін Түркияға көңіл айтты.



Ұқсас жаңалықтар