«15 шілде – Демократия және Ұлттық Бірлік күні» тойланды

Қолдарына Түрік байрақтарын алған мыңдаған азамат қала алаңддарындағы іс-шараларға қатысты.

1676116
«15 шілде – Демократия және Ұлттық Бірлік күні» тойланды

«15 шілде-Демократия және Ұлттық Бірлік күні» Түркияның әр жерінде тойланды.

Қолдарына Түрік байрақтарын алған мыңдаған азамат қала алаңддарындағы іс-шараларға қатысты.

Төңкеріс талпынысының бесінші жылдығы астана Анкарада 15 Шілде Қызылай Ұлттық Жігер алаңында еске алынды.

Төңкерісшілер тарапынан 51 полиция шейіт етілген Анкарадағы Гөлбашы арнайы жасақтар басқармасында еске алу бағдарламасы ұйымдастырылды.

Ялова Алтыннова қалалық әкімшілігі тарапынан 600 Түрік байрағымен жасалған шеру салтанатты түрде өткізілді.

Төңкеріс талпынысында ұлттық бірліктің символы дұғалар Түркия сағаты бойынша 00:13-де    ел көлемінде барлық мешіттерде бірдей уақытта оқылды. Стамбұлдағы Явуз Сұлтан Селим көпірі 15 шілде – Демократия және Ұлттық Бірлік күніне орай қызыл және ақ түстермен жарықтандырылды.  

Стамбұл әуежайы әуе қатынас басқарма мұнарасы 15 шілде – Демократия және Ұлттық Бірлік күніне орай Түрік байрағымен безендірілді.

Галата мұнарасы мен Аясофия-и Кебир мешіті 15 шілде күні ерекше түспен жарықтандырылды.

Үлкен Чамлыжа мешітінде «Барлық шейіттеріміздің жатқан жері жаннат болсын» деген жазу жазылды.



Ұқсас жаңалықтар