ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Кувейтте

ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп парламенттік делегациямен ресми байланыстар аясында Кувейтке барды.

1673675
ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Кувейтте

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп парламенттік делегациямен ресми байланыстар аясында Кувейтке барды.

Мұстафа Шентоп Декларация сарайында Кувейт Әмірінің орынбасары және мұрагері ханзада Шейх Меш-ал әл-Кабир әл-Сабахпен бас қосады. Кейін Кувейт премьер-министрі Шейх Сабах әл-Халид әл-Хамад әл-Сабахпен оңаша кездеседі.

Шентоп басшылығындағы парламенттік делегация Кувейт Ұлттық Мәжіліс төрағасы Марзук Али Әл-Ганиммен оңаша және делегация аралық кездеседі..

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Кувейттің Сыртқы істер және Кабинетке жауапты мемлекеттік министр Шейх Ахмед Насер Әл-Мухаммед Әл-Сабахпен кездесіп байланыстарын аяқтаған соң 13 шілде сейсенбі күні елге оралады.



Ұқсас жаңалықтар