Түркия Ливияда түрік жалауына жасалған шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1671191
Түркия Ливияда түрік жалауына жасалған шабуылды айыптады

Түркия Ливияның Тобрук қаласындағы өкілдер палатасының уақытша ғимаратының алдында түрік жалауын нысанаға алған шабуылды қатаң түрде айыптады.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі өкілетті елші Танжу Билгич тақырыппен байланысты қойылған бір сұраққа қайтарған жазбаша мәлімдемесінде «Ливияның Тобрук қаласында 2021 жылы 5 шілде күні ұйымдастырылған бюджет келіссөздері кезінде Өкілдер Мәжілісі уақытша ғимараты алдында жалауымызға бағытталған шабуылды қатаң түрде  айыптаймыз» деді.

Билгич бұл опасыз әрекеттен хабардар болғаннан кейін Түркияның Триполидегі елшілігі Ливия Сыртқы істер министрлігіне қажетті жазбаша және ауызша дипломатиялық бастамаларды жасағанын еске салды.

Мұндай арандатушы әрекеттерге жол берілмейтінін және осыған ұқсас оқиғалардың қайталанбауы үшін қажетті шаралардың қабылданғанын атап өткен Билгич «Аталмыш іс-қимылдың Түркия мен Ливияның бауырластығын нысанаға алғаны анық. Тәуелсіздігіміз бен құндылықтарымыздың символы жалауымызға жасалған бұл опасыз шабуылдың ешқашан мақсатына жетпейтінін, қажетті жауапты баршадан бұрын дос және бауырлас Ливия халқынан алатынын білдіреміз» деп мәлімдеді.

Елдегі басқыншы Халифа Хафтар жақтастары алдынғы күні Ливия премьер-министрі Абдүлхамид Дибейбенің Тобрук қаласына сапары кезінде керуені өтетін жолға түрік жалаулары жайып, провокация жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар