Түркия Сомалиде болған шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Түркияның дос және бауырлас Сомали үкіметі мен халқына шынайы көңіл айтқаны білдірілді.

1658731
Түркия Сомалиде болған шабуылды айыптады

Түркия Сомалидің бас қаласы Могадишода Сомали Ұлттық армиясына қарсы ұйымдастырылған және 11 әскер қаза тапқан террорлық шабуылды айыптады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Түркияның дос және бауырлас Сомали үкіметі мен халқына шынайы көңіл айтқаны білдірілді.

Мәлімдемеде шабуылда қаза тапқандарға Алладан иман, жаралыларға шұғыл шипа тілегі жеткізілді.

Мәлімдемеде Түркияның Сомали үкіметі мен халқының террормен күресінде қасында болуды жалғастыратыны білдірілді.

 



Ұқсас жаңалықтар