Чавушоғлу Ердоған-Байден кездесуіне тоқталды

Мевлүт Чавушоғлу: "АҚШ Патриот жайлы кепілдік бермесе, біз басқа одақтастарымыздан әуе қорғаныс жүйесін алуымызға болады" деді.

1654977
Чавушоғлу Ердоған-Байден кездесуіне тоқталды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу АҚШ-ның көптеген салада Түркиямен ынтымақтастық жасауды қалайтынын айтты.

ТРТ Хабар арнасына қонақ болған Чавушоғлу 14 маусымда ұйымдастырылатын НАТО саммитінде президент Ердоған мен АҚШ президенті Джо Байденнің кездесуі басты орында тұратынын білдірді. 

Чавушоғлу Ердоғанның екі жақтылы кездесулері көп болатынын, Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия премьер-министрі Ангела Меркель және Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен бас қосатынын хабарлады. 

Чавушоғлу  президент Ердоған мен президент Джо Байденнің кездесуіне байланысты мыналарды айтты:

"АҚШ жаңа кезеңде қандай қадамдар басады. Демократтар жұмыс  басындағы кезде басталған мәселелер Трамп кезінде де жалғасты. Байденнің 24 сәуір жайлы "қырғын" деген сөзі бар. S-400 мәселесі де жалғасуда. Осы мәселелер қалай шешіледі? Қарым-қатынастар күшейтіле ме? Бар мәселелерді шешу үшін толық мәлімет бердік."

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу:

"Барлық салада өзара қадам басу керек. Президенттің кездесуі маңызды болмақ. Кездесуден жақсы нәтиже шығуын үміт етеміз" деді.

Мевлүт Чавушоғлу:

"АҚШ-тың тек Ливия мен Сирия мәселесінде ғана емес, Жерорта теңізінің шығысынан Қаратеңізге және Кавказға дейінгі салаларда бізбен ынтымақтастық тілегінде екенін көрудеміз" деп көрсетті.

Мевлүт Чавушоғлу:

"Патиот болуы шарт емес. АҚШ Патриот жайлы кепілдік бермесе, біз басқа одақтастарымыздан әуе қорғаныс жүйесін алуымызға болады" деді.



Ұқсас жаңалықтар