Грузия премьер-министрі Анкарада

Екі ел арасында сауда көлемі арттырылады.

1649833
Грузия премьер-министрі Анкарада

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның соңғы 14 жылда Грузияның ең ірі сауда серігі болғанын атап көрсетті. «Сауданы жылдамдататын кеден келісімдеріне жұмыстанып жатырмыз.  Сауда көлемінде енді мақсатымыз – 3 миллиард доллар» деді ол.

Президент Ердоған Түркияға ресми сапармен келген Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен кездесті.  Ердоған «Құрметті премьер-министр Түркияны жақыннан таниды.  Биыл Анкарадағы алғашқы дипломатиялық өкілдік болып саналатын Грузия елшілігінің ашылғанына жүз жыл толды.  Грузия тәуелсіздігінің отыз жылдығын тойлап отырмыз» деді.

Ердоған Гарибашвилимен бірге Фетуллахшы террорлық ұйым секілді көптеген террорлық организациялармен күрес тақырыбын қолға алғандарын, Түркия ретінде Грузияның егемендігі мен территория тұтастығына деген қолдауын атап көрсеткендерін айтты. Президент «Грузиямен бірге Оңтүстік газ дәлізін қалыптастырдық, Түркия Грузияны аймақтық ынтымақтастықтың кілті деп есептейді» деді.



Ұқсас жаңалықтар