«Денизкурду - 2021» жаттығуы басталды

Жаттығуға шамамен 25 мың 500 қызметкердің қатысатыны білдірілді.

1645239
«Денизкурду - 2021» жаттығуы басталды

Түрік Әскери-теңіз күштері бұрын-соңды болмаған ауқымды жаттығу үшін Эгей мен Жерорта теңізінің шығысына бет алды.

Наурыз айында болып өткен «Көгілдір Отан» әскери-теңіз жаттығуынан кейін бүгін басталған «Денизкурду - 2021» жаттығуына 132 әскери кеме, 10 сүңгуір қайық, 43 әскери ұшақ, 28 тікұшақ және 14 пилотсыз ұшақ қатысуда.

Құрлық пен әуе күштеріне қоса 10 мемлекеттік мекеме мен Түрік қызыл жарты ай қоғамының ынтымақтастық қабілеттері де сыналатын іс-шараларға шамамен 25 мың 500 қызметкердің де қатысуы күтіледі.

«Денизкурду - 2021» жаттығуы стратегиялық деңгейде операциялық дайындықты қамтиды. Бөлімшелер мен командалардың өзара судың үстінде соғысы, сүңгуір қайықпен қорғаныс соғысы, электронды соғыс және сүңгуір қайықтардан қызметкер құтқару қабілетін арттыру тақырыптары олардың бірнешеуі.

Жаттығудың соңғы сатысында 83 кеме Эгей мен Жерорта теңізінің шығысындағы 22 портына барады.

Өткен жылдардан айырмашылығы коронавирустық шаралар шеңберінде азаматтардың кемелерді аралауына биыл рұқсат етілмейді.

«Денизкурду - 2021» жаттығуы 5 маусым күні Жерорта теңізінің шығысындағы көрнекті бақылаушылар күнімен аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар