Sputnik V вакцинасын егу мақұлданды

Түркия Қытайдың Sinovac, Германияның BioNTech вакцинасынан кейін Ресейдің Sputnik V вакцинасын егуді де мақұлдады.

1631650
Sputnik V вакцинасын егу мақұлданды

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркия Дәрі және Медициналық жабдықтар ұйымының Ресейдің Sputnik V вакцинасын шұғыл қолдануды мақұлдағанын жариялады.

Түркия Қытайдың Sinovac вакцинасы, Профессор доктор Угур Шахиннің Германияда өндірген BioNTech вакцинасынан кейін Ресейдің Sputnik V вакцинасын егу бағдарламасына қосты. 

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа әлеуметтік желіден жасаған мәлімдемесінде Түркия Дәрі және Медициналық жабдықтар ұйымының Ресейдің Sputnik V вакцинасын шұғыл қолдануды мақұлдағанын хабарлады.

Түркияда вакцина егу саны 22 миллионнан асты. Бірінші доза егілген кісі саны 13 миллион, екінші доза егілген кісі саны 9 миллионнан асты. 



Ұқсас жаңалықтар