"Гөксу» фрегатына дельфиндер серік болды

ҰҚМ «TCG Гөксу» фрегатының төңірегінде малтап жүрген дельфиндер мен кемеге қонған құстардың суреттерін бөлісті.

1627175
"Гөксу» фрегатына дельфиндер серік болды
yunus.jpg
kus.jpg
kus.jpg
kus.jpg

Ұлттық қорғаныс министрлігі Батыс Қаратеңізде Кылыч Али Паша орта дәрежелі тактикалық жаттығуын жүргізіп жатқан Теңіз күштері қолбасшылығына тиесілі «TCG Гөксу» фрегатының төңірегінде малтап жүрген дельфиндер мен кемеге қонған құстардың суреттерін бөлісті.

Ұлттық қорғаныс министрлігінің Твиттер желісінде бөлісілген дельфин және құстардың суретімен бірге мыналар жарияланды:

"Батыс Қаратеңізде ұйымдастырылған Кылыч Али Паша орта дәрежелі тактикалық жаттығуы кезінде Теңіз күштері қолбасшылығына қарасты «TCG Гөксу» фрегатына атқосшы болған сүйкімді достарымыз дельфиндер мен кемеге қонған құстардың суреттерін осы тамаша күнде сіздермен бөліскіміз келді."

Мармарис шығанағына аялдаған фрегат жаңа типтегі коронавирусқа қарсы қабылданған шаралар шеңберінде биыл азаматтардың тамашалауына ашылмады. 



Ұқсас жаңалықтар