«TCG Гөксу» фрегаты Мармаристе

23 сәуір Ұлттық егемендік және Балалар мерекесіне орай 23 портқа 23 әскери кеме барады.

1627038
«TCG Гөксу» фрегаты Мармаристе

Ұлттық қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесінде Теңіз күштері қолбасшылығына тиесілі «TCG Гөксу» фрегаты Мармариске аялдады.

Теңіз күштері қолбасшылығына тиесілі 23 кеменің 23 сәуір күні 23 портқа сапары жоспарланған іс-шара аясында «TCG Гөксу» фрегаты Мармариске келді.

Мармарис шығанағына аялдаған фрегат жаңа типтегі коронавирусқа қарсы қабылданған шаралар шеңберінде биыл азаматтардың тамашалауына ашылмады.

Әскери кемелердің Мармариске қоса Самсун, Зонгулдак, Каратеңіз Эреғли, Измит, Мода, Долмабахче, Эрдек, Авша, Чанаккале, Гөкчеада, Фоча, Измир, Чешме, Ялыкавак, Фетхийе, Каш, Финике, Алания, Мерсин, Искендерун, Кириния және Фамагуста порттарына да баратыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар