Чавушоғлу Душанбеде іскерлермен бас қосты
Мевлүт Чавушоғлу "Азияның жүрегі-Стамбұл процесі 9-шы Министрлер конференциясына" қатысу үшін Тәжікстанға барды.
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ресми сапармен барған Тәжікстанның астанасы Душанбеде түрік іскерлермен бас қосты.
Министр Мевлүт Чавушоғлу түрік істерлермен кездесуінде Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдеріне сапарлай барғанын, артынан Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездескенін айтып, қарым-қатынастарды дамытуды, Орталық Азияға және Түркі әлемімен кездесулерді арттыруды қалайтындарын білдірді.
Чавушоғлу Твиттер желісіндегі мәлімдемесінде:
"Душанбеде алдымен Тәжікстанмен қарым-қатынастарымызға маңызды есе қосқан іскерлермен ынтымақтастық мүмкіндіктерін бағаландырдық" деді.
Министр Мевлүт Чавушоғлу Тәжікстан мен Ауғанстанның тең төрағалығында өтетін "Азияның жүрегі-Стамбұл процесі 9-шы Министрлер конференциясына" қатысу үшін Тәжікстанға барды.
Ұқсас жаңалықтар
Министр Фидан Лондонда грек әріптесімен бас қосты
Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Өнжу Кечели кездесу туралы мәлімдеме жасады.
Президент Ердоған Сыддык Әл-Кебирді қабылдады
Коммуникация басқармасы Стамбулда өткен қабылдау туралы мәлімдеме жасады.