"Түрік ұлты тізе бүкпейді"

Президент Түркияның мықты болуы керектігін атап көрсетті.

1603972
"Түрік ұлты тізе бүкпейді"

Президент Режеп Тайып Ердоған «Терроризмнен төңкеріске дейін барлық әдісті сынап көрді, бірақ ұлтымыз тізе бүкпеді. Болашақта да лас мақсаттарына жете алмайды» деді.

Президент Ердоған Анкарада Президенттік сарайда Мемлекеттік Даңқ медальдерін тапсыру рәсіміне қатысты.  Президент осында «Әрбір шейітіміз, әрбір ардагеріміз - болашағымыз бен еркіндігіміздің символы» деді.  

“Селчук мемлекеті де, Османлы мемлекеті де сырттан келген шабуылдардан гөрі, ішкі жікшілдік себебімен құлады.  Жүз жылдығы жақында атап өтілетін бүгінгі мемлекетіміздің осындай тағдырға душар болуына жол бермейміз» деді ол.

Президент Түркияның мықты болуы керектігін атап көрсетті.  Ол мықтылықтың қайнар көзінің ұлттың бірлігі мен бауырластығы екенін айтты.

Президент «Чанаккаледе бір Ай (Түркияның байрағында Ай мен жұлдыз бар) үшін көптеген жас жігітімізден айрылып қалдық. Бірақ тәуелсіздік пен болашағымызды аман алып қалдық. Чанаккале соғысы Ұлт Азаттық күрестің бастауы болғандықтан өте ерекше. Чанаккале соғысында жеңіске жетпегенде, үлкен апат болар еді» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар