"Түрік елдерінің жетістіктері мақтан тұтарлық"

Шентоп «Түркі әлемінің өткені, бүгіні және болашағы» атты жиынға видео үндеу жіберді.

1603251
"Түрік елдерінің жетістіктері мақтан тұтарлық"

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп соңғы 30 жылда тәуелсіз түркі республикаларының мемлекеттік жүйелерін қалыптастыру және әлеммен бүтіндесу жолында жеткен жетістіктерінің мақтан тұтарлық екенін айтты.

Шентоп Қырғызстан-Түркия Манас Университеті және Түркітілдес мемлекеттер парламенттік асамблеясы ТүрікПа тарапынан Бішкекте ұйымдастырылған «Түркі әлемінің өткені, бүгіні және болашағы» атты жиынға видео үндеу жіберді. Халықаралық жиын Түркия мәжілісінің 100 жылдығы,  түрік мемлекеттерінің тәуелсіздіктерінің 30 жылдығы және 2021 Түрік ұлттық әнұран жылына арналып ұйымдастырылды.

Түрік мәжіліс спикері: «Саяси, экономикалық және әлеуметтік салада жүзеге асырылған реформалармен үлкен жетістіктерге жеткен елдеріңіз мықты және тұрақты түрде халықаралық жүйедегі орындарын алды. Түркия түрік республикаларының барлығының тәуелсіздігін алғаш боп мойындаған және осы елдерде бірінші болып елшілік ашқан ел» деді.



Ұқсас жаңалықтар