Ұлттық Қорғаныс министрі Румынияда

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар ресми сапар аясында барған Румынияда өзінің әріптесі Николае Чьюкэмен бас қосты.

1598080
Ұлттық Қорғаныс министрі Румынияда
Nicolae Ionel Ciuca-Hulusi Akar1.jpg
Nicolae Ionel Ciuca-Hulusi Akar.jpg

Қорғаныс министрлігінде Чьюкэ тарапынан қарсы алынған Акарға арналған әскери рәсім өтті.

Рәсімнің артынан Акар мен Чьюкэ алдымен оңаша кездесті, артынан делегация аралық келіссөздерге төрағалық етті.

Кездесулер барысында өзара және аймақтық қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері мен қорғаныс өнеркәсібінде ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Акар көрсетілген қонақжайлылыққа ризашылығын білдіріп, Румынияның маңызды бір одақтас екенін және екі елдің көптеген НАТО миссияларында бірге қызмет атқарғанын мәлімдеді.

Әскери дайындық пен ынтымақтастық саласында маңызды қадамдар басылатынын атап айтқан Акар Қаратеңіздің бір бейбітшілік теңізі ретінде сақтаудың маңызына назар аударды.

Хулуси Акар Түркияның Румыниядағы елшілігінде болды. Елшілік құрмет кітапшасына Түркия мен Румынияның аймақтық және жаһандық мәселелерге шешім іздеу жайында ынтымақтастық жасағанын атап «Мен алдағы уақытта екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың одан жоғары деңгейге жететініне сенемін» деді.



Ұқсас жаңалықтар