Ердоған Ливияның жаңа Президенттік кеңес басшысымен сөйлесті

Коммуникация басқармасы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1578594
Ердоған Ливияның жаңа Президенттік кеңес басшысымен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ливияда Президенттік кеңес басшылығына сайланған Мұхаммед әл-Менфи және премьер-министр болып сайланған Абдүлхамит Дибейбеге телефон шалып құттықтады. 

Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда Президент Ердоған Ливияда саяси келіссөз форумында өткен дауыс берудің қорытындысы бойынша елде 2021 жылы 24 желтоқсан күні жүзеге асатын жалпы халықтық сайлауға дейін міндет атқаратын президенттік кеңестің жаңа басшысы Мұхаммед әл-Менфи және премьер-министр болып сайланған Абдулхамит Дибейбеге сәттілік тіледі. 

Түркияның Ливияның саяси тұрақтылығы мен бейбітшілігіне үлес қосуды жалғастыратынын атап көрсеткен президент Ердоған Ливиямен жаңа кезеңде де қарым-қатынастарын жетілдіретінін білдірді. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) басшылығында Швейцарияда жиналған Ливия саяси келіссөз форумы мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде 2021 жылы 24 желтоқсан күні өткізілуі жоспарланған сайлауға дейін Президент Кеңес басшылығына Мұхаммед Менфи мен премьер-министрлік міндетіне Абдулхамид Дибейбе сайланды.



Ұқсас жаңалықтар