Ішкі істер министрі жаңа жылды әскерлермен қарсы алды

Ішкі істер министрі Белбука Калекол әскери базасында жаңа жылды әскерлермен қарсы алды.

1555789
Ішкі істер министрі жаңа жылды әскерлермен қарсы алды

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу кеше Ванның Чатак пен Шырнактың Бейтүшшебап аудандарының ортасында, Като Жирка аймағындағы Белбука Калекол әскери база аймағы қолбасшылығында жаңа жылды қарсы алды.

Сойлу президент Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалып, аймақтағы соңғы жағдай туралы ақпар бөлісті.

Ердоған база аймағында міндет атқарған әскерлерді жаңа жылмен құттықтады. Президент «Жандармерияларымыз шекара бойынша біздер үшін әрдайым сенімді қызмет атқаруда. Генералдарымыз және қолбасшылардан бастап, қатардағы әскерлер, сержант пен қызметкерлеріміздің барлығына өзім, жанұям және ұлтым атынан алғысымды білдіремін. Раббым бәріңізге жар болсын» деді.

Президент Ердоған «2021 жылын аяқтап, құдай қаласа 2022 жылы мүлдем өзгеше бір Түркия ретінде жаңа жылды тойлайтын боламыз. Болашаққа одан мықты қадамдармен жүреміз. Жандармерия қолбасшымыз Ариф Паша мен қасындағыларды құттықтаймын. Бүкіл бұйрығыңызға бағынған бауырларымның көзінен сүйемін» деді.

Жандармерия қолбасшысы генерал лейтенант Ариф Четин болса «Отанымыз және даңқты байрағымыздың желбіреуі үшін осында шекараларымызды әрдайым қорғаймыз» деді.

Түнде әскери базада қонған министр Сойлу жаңа жылдың алғашқы азанғы асын осындағы әскерлермен ішті.

Сойлу Твиттерден жасаған хабарламада «Белбука Калекол әскери база аймағындағы батырларымыз баршаңызға сәлем айтуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар