Түркия Хорватияға көңіл айтты

Хорватияның Петринья қаласында 6,4 балдық жер сілкінісі болды.

1554381
Түркия Хорватияға көңіл айтты

Т.Р. Сыртқы істер министрлігі Хорватияның Петринья қаласында болған 6,4 балдық жер сілкінісінде қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

Мәлімдемеде «Хорват бауырларымыздың қайғысын бөлісеміз. Хорватия халқы мен жер сілкінісінде қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтамыз» делінді.

Апат кездерінде халықаралық ынтымақтастықтың маңызына назар аударылған мәлімдемеде Хорватия халқына әртүрлі жәрдемге дайын екендігі білдірілді.

Петринья қаласында кеше жергілікті уақытпен 12.20-да жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 5-ке жетті.

Жер сілкінісі аймақ елдері Босния және Герцеговина мен Сербияда сезілсе, жер сілкінісінен кейін көптеген дүмпу тіркелген болатын.



Ұқсас жаңалықтар