Грузия министрі Түркияға алғыс айтты

Грузия сыртқы істер министрі Дэвид Залкалиани жаңа типті коронавирус індетімен күресуде Түркия өздеріне көп жәрдем бергенін айтты.

1554363
Грузия министрі Түркияға алғыс айтты

Залкалиани астана Тбилисиде ұйымдастырылған баспасөз жиналысында Түркия мен Грузия арасындағы екі жақты қарым-қатынастардың өте жақсы екенін баяндады. 
Мемлекетінің НАТО және Еуропа Одағымен жалғасқан интеграциясы процесіне тоқталған Залкалиани Грузия үшін осы тақырыптың өте маңызды болғанын түсіндірді. 
Залкалиани Грузияның көрші елдермен тату-тәтті байланыстарды дамытқысы келгенін білдіріп, Түркия, Әзербайжан және Армениямен осы бағытта маңызды қадамдар басқанын атап өтті. 
Түркия мен Грузияның екі көршілес, дос және стратегиялық одақтас елдер екенін түсіндірген Залкалиани биыл жаңа типті коронавирус індетіне қарамастан екі ел арасындағы қарым-қатынастардың өте сәтті дамуда болғанын баяндады. 

Залкалиани "Биыл да Түркиямен болған стратегиялық ортақтық қарым-қатынастарымыз табысты болды. Әсіресе жаһандық індетпен күресуде Түркия бізге көп жәрдем берді. Көршімізге шексіз алғыс айтамын" деген сөздер қолданды. 
 



Ұқсас жаңалықтар