Ұлттық Қорғаныс министрі ирактық әріптесімен бас қосты

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар ирактық әріптесі Джумах Энад Саадунмен бас қосты.

1553403
Ұлттық Қорғаныс министрі ирактық әріптесімен бас қосты

Ұлттық қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда Акар мен Саадун Анкарада алдымен оңаша және делегация аралық кездесулер өткізді.

Терроризммен күрес, өзара қарым-қатынастар және аймақтық мәселелер қолға алынған кездесуде Акар Түркияның Ирактан бастап бүкіл көршілерінің саяси бірлігі мен территориялық тұтастығын құрметтегенін атап, Ирак әкімшілігімен террормен күрес тақырыбында құрылған координацияға ризашылығын білдірді.

Акар сондай-ақ Түрік Қарулы күштерінің ұлты мен шекараларын қорғауда және террорды жоюдағы табандылығын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар