Түркия Пәкістанға көңіл айтты

Түркия террор шабуылы мен тікұшақ апатында қаза тапқандар үшін бауырлас Пәкістан халқына көңіл айтты.

1552937
Түркия Пәкістанға көңіл айтты

Түркия Пәкістанға Белуджистан уәлаятындағы террор шабуылы және Гилгит-Балтистандағы тікұшақ апатында қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде Пәкістан Қарулы Күштерінің 11 қызметкерінің Белуджистан уәлаятындағы террор шабуылы мен Гилгит-Балтистан аймағындағы тікұшақ апатында қаза тапқанын өкінішпен қарсы алғаны білдірілді.

Мәлімдемеде «Белуджистанда жасалған опасыз террор шабуылын айыптаймыз. Террор шабуылында және тікұшақ апатында қаза тапқандарға Алланың рақымын, жаралыларға жедел шипа тілейміз. Дос және бауырлас Пәкістан халқына көңіл айтамыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар