Түркияда Ковид-19-дан бүгін 254 кісі қайтыс болды

Фахреттин Кожа Қытайдан келетін вакцинаның 9 миллион адамға егілетінін хабарлады.

1551452
Түркияда Ковид-19-дан бүгін 254 кісі қайтыс болды

Түркияда жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күрес жалғасуда.

Соңғы 24 сағатта 254 адам қайтыс болды.

Эпидемия басталған күннен бері қайтыс болғандар саны 19 мың 115 кісіге көбейді.

Бір күн ішінде 195 мың 675 сынама жүргізіліп, 3 мың 218 жаңа науқас анықталды.

Соңғы тәулікте вирус жұқтырғандар саны 18 мың 102 кісіге жетті.

Ауруханадан шыққан 33 мың 985 адамды қосқанда сауығып кеткендер саны 1 миллион 935 мың 292 кісіге жетті.

Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Ғылыми кеңеспен өткізілген жиналыстан кейін жасаған мәлімдемесінде Қытайдан алуға келісім жасалған вакциналардың жексенбі күні кеште жолға шығатынын хабарлады. 

Аталмыш вакцинаның түріктерге жасаған әсеріне риза болғандарын айтқан Кожа алғашқы сатыда 9 миллион кісіні егудің нысанаға алынғанын білдірді.

Министр Кожа жергілікті вакцинада үмітті жұмыстардың жалғасып жатқанын да хабарлады. 



Ұқсас жаңалықтар