Түркия қарттарын вирустан жақсы қорғап отыр

Бұл туралы ДДСҰ жұмыс жүргізді.

1550236
Түркия қарттарын вирустан жақсы қорғап отыр

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Түркияның қариялар үйіндегі қарттардың коронавирустан жақсы қорғалғанын айтты.

ДДСҰ Түркиядағы қариялар үйі және реабилитация орталықтарында коронавирус эпидемиясымен күрес шеңберінде жүргізілген істерді веб парақшасында жариялады.

Халықаралық ұйым «Түркия қариялар үйіндегі медициналық қызметкерлерге қажетті шараларды қабылдаттырып, қарттарды коронавирустан қорғады» деді. Мақалаға қарағанда, Түркияда коронавирус оқиғасы наурыз айында бірінші рет тіркелгеннен екі апта бұрын қариялар үйіне адам келудің шектелгені айтылған. Алты апта бұрын да қарттарды вирустан сақтауға бағытталған шаралардың басталғаны атап көрсетілген.

Осылайша Түркиядағы қариялар үйінде және реабилитация орталықтарындағы сақтық шаралар арқасында вирустың осы мекемелерде таралуының алдын алынды.



Түркиядағы қариялар үйінде жұмыс істейтін қызметкерлер 14 күндік вахталық жүйемен жұмыс істейді. Оларға жүйелі түрде тест жасалып тұрады.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы қариялармен және қариялар үйі қызметкерлерімен сұхбаттасты.  Қариялар эпидемияның ел және әлем үшін қауіпті екенін жақсы түсінетіндерін,  бірақ өздерінің толықтай қорғалғанын айтып отыр.



Ұқсас жаңалықтар