Бүгін «Түркия» деген кезде еске бірден адамгершілік түседі

Президент мәжілісте сөз сөйледі.

1550530
Бүгін «Түркия» деген кезде еске бірден адамгершілік түседі

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның барша жәбірленуші және жазықсыз құрбандарға үміт отын жаққанын айтты.

Президент Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі Әділет және даму партиясының жиналысында сөз сөйледі.

«Бүгін «Түркия» деген кезде еске бірден адамгершілік түседі.  Әділет,  абыройлы сыртқы саясат түседі» деген Ердоған: «Түркия барша жәбірленуші және жазықсыз құрбандарға үміт отын жағады. Бүкіл дүние жүзінде иілмей,  тік тұрудың символы. Түркияның жұлдызы жарқыраған сайын көп шабуылдарға ұшырап отыр.  Шахмат тақтасына ұқсас халықаралық аренада ойын құрған Түркия шындығы қақтығыс пен хаостан күш жинағандарды мазалап отыр» деді.

Ердоған Әзербайжанның Таулы Қарабахтағы жеңісіне байланысты да «Таулы Қарабахта отыз жылдан бері еленбей келген басқыншы жүйенің доғарылуына үлес қостық» деді.

Президент Редеп Тайып Ердоған Түркияның биыл Еуропа және Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынастарына да тоқталды. «Еуропа және Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынастарымызды жетілдіре отырып,  түрік әлемін,  Азияны, Латын Американы,  Африканы еш ұмытпауымыз керек.  Сонымен бірге барлық ынтамызға қарамастан 2020 жыл Еуропа және Америка Құрама Штаттарымен қатынастарымыз сынақтан өткен жыл болды» деді ол.

Президент Түркияның әрі Жерорта теңізі мәселесінде, әрі Ресейден сатып алынған зымыран жүйесі тақырыбында қос стандартпен бетпе-бет қалғанын білдірді. «Жаңа жылда Америка Құрама Штаттары және Еуропамен байланыстарымызда жаңа парақша ашамыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар