Түркия Нигердегі террор шабуылын қатаң түрде айыптады

Түркия Нигердің Диффа аймағында бейбіт тұрғындарды нысанаға алған шабуылды айыптады.

1546183
Түркия Нигердегі террор шабуылын қатаң түрде айыптады

Сыртқы істер министрлігі Нигердің оңтүстік шығысындағы Диффа аймағында 13 желтоқсан күні түнде бейбіт адамдарға бағытталған террор шабуылында 28 адамның қаза тауып, жүздеген адамның жарақат алғанын өкінішпен қарсы алынғанын білдірілді. Министрлік мәлімдемесінде «Бұл опасыз шабуылды қатаң түрде айыптаймыз. Дос және бауырлас Нигер халқының қайғысын бөлісеміз. Қаза тапқандарға Алланың мейірім тілеп, жанұяларға көңіл айтамыз. Жаралылардың тез арада сауығып кетуіне тілектеспіз» делінді.

Диффа аймағындағы Тумо ауылына 13 желтоқсан күні террор ұйымы Боко Харам қарулы шабуыл жасаған болатын. Оқиғада 28 адам қаза тауып, шамамен 800 үй мен кәсіпорынға зиян келген еді. Нигер үкіметі оқиғаның артынан 3 күндік аза жариялады.

Диффа аймағы 11 желтоқсан күні де Боко Харамның шабуылына ұшырап, оқиғада 2 адам қаза тапқан болатын.

Аймақ 2015 жылы ақпан айынан бері Боко Харам террор ұйымының шабуылдарына ұшырауда.



Ұқсас жаңалықтар