Түркия «өте жоғары гуманитарлық даму» тізімінде орнын сақтады

Түркия 189 ел арасында 54-ші орынға көтеріліп, «өте жоғары гуманитарлық даму» категориясындағы орнын сақтады.

1545918
Түркия «өте жоғары гуманитарлық даму» тізімінде орнын сақтады

БҰҰ Өркендеу бағдарламасы тарапынан 2019 жылғы мағлұматтарды назарға алып дайындаған Гуманитарлық даму индексі, Теңсіздікке бейімделген гуманитарлық даму индексі, Қоғамдық Гендерлік даму индексі мен Көп өлшемді кедейлік индексін қамтитын «Алдағы шекара: Адам дамуы және антропоген» тақырыпты 2020 жылы Гуманитарлық даму рапорты жарияланды.

Елдердің ресми Статистикалық мекемелері және сенімді халықаралық мекемелерінің мағлұматтары негізге алынып дайындалған Гуманитарлық даму индексі, ұзақ және салауатты өмір, ақпаратқа қол жеткізу және өмірдің қолайлы деңгейі сияқты 3 негізгі тұғырда гуманитарлық даму деңгейінің ұзақ мерзімді қадағалануы нәтижесінде дайындалды.

Танымал өркендеу көрсеткіштерінің бірі болған индекске қарағанда алғашқы кезекті 0,957 ұпаймен Норвегия иеледі және бірінші орнын қорғады.

Бұл елдің артынан 0,955 ұпаймен Ирландия және Швейцария, 0,949 ұпаймен Гонконг және Исландия, 0,947 ұпаймен Германия, 0,945 ұпаймен Швеция, 0,944 ұпаймен Австрия және Голландия, 0,940 ұпаймен Дания келеді.

Түркияның 2019 жылы Гуманитарлық даму индексі 0,820 болып есептелді. Бұл көрсеткішпен Түркия 189 ел арасында 54-ші болып «өте жоғары гуманитарлық даму» категориясында орын алды.

Түркия өткен жылы жарияланған рапортпен 59-шы орынға көтеріліп, «өте жоғары гуманитарлық даму» категориясына кірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар