Түркия АҚШ қабылдаған шешімдерді айыптады

Түркия АҚШ-тың біржақты қабылдаған санкция шешімін айыптап, қабылдамағанын жариялады.

1545459
Түркия АҚШ қабылдаған шешімдерді айыптады

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде «АҚШ-тың біржақты санкцияларға жүгінуі кез-келген түсіністіктен аулақ бір ұстаным болып табылады. АҚШ-ты айыптап, шешімін қабылдамаймыз» делінді.

Министрлік мәлімдемесінде «АҚШ-ты бұл әділетсіз санкция шешіміне қайта көз жүгіртуге және қателігінен бас тартуға шақырамыз» делініп, керісінше «бұл шешімге қарсы тиісті қадамдардың басылатыны, кезі келгенде жауап қайтарылатыны» ескертілді.

АҚШ Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйелері сатып алғаны себепті Түркияға қарсы кейбір санкцияларды іс қосуға шешім қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар