Шентоп ауғанстандық қонақтармен бас қосты

Мұстафа Шентоп Ауғанстан Ұлттық келісім жоғары кеңесінің төрағасы Абдуллах Абдуллахпен бас қосты.

1530870
Шентоп ауғанстандық қонақтармен бас қосты
mustafa sentop-abdullah abdullah.jpg
mustafa sentop-abdullah abdullah1.jpg

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп кездесулер өткізу мақсатымен Түркияға сапарлай келген Ауғанстан Ұлттық келісім жоғары кеңесінің төрағасы Абдуллах Абдуллахпен бас қосты.

Қонақ төрағамен делегациялар арасындағы кездесулерге төраға болған Шентоп:

"Кездесу Түркия мен Ауғанстан арасындағы теңдесіз қарым-қатынастарды бекемдеу жолындағы ортақ жігеріміз мен шынайы талпынысымыздың айғағы болуын тілеймін" деді. 

Түркия мен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынастардың негізі тарихи тәуелділіктер мен халықтан халыққа, көңілден көңілге деген шынайылықтан туындағанын айтқан Шентоп:

"Екі ел арасындағы ынтымақтастығымыз халықтарымыздың достық және бауырластық тәуелділіктерінен күш алуда. Ортақ жұмыстарымыздың негізінде саяси диалог пен өркендеу ортақтығы жатыр. Екі ел қуаныш пен қайғыда әрқашан бірге болды" деді.

Түркияның коронавирус індетімен күресте Ауғанстанның қасында болғанын айтқан Шентоп:

"Маусымда Ауғанстанға жеткізілген медициналық жәрдемдер жараларды жазуға аз да болса септігін тигізсе, Түркия бұған риза" деп көрсетті. 

Қонақтар ТҰҰМ Жалпы Кеңесі залын тамашалады. Шентоп қонақ төраға мен делегацияны 15 Шілде төңкерісінде Мәжіліске бомба лақтырылған алаңды аралатты.  



Ұқсас жаңалықтар