Мұстафа Кемал Ататүріктің қайтыс болғанына 82 жыл

Түркия Ататүрікті құрметпен еске алуда.

1524959
Мұстафа Кемал Ататүріктің қайтыс болғанына 82 жыл

Бүгін Түркия Республикасы мемлекетінің құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің қайтыс болғанына 82 жыл толды.

Өзі бастаған Ұлт Азаттық соғысының нәтижесінде алдымен Анадолыны басқыншылықтан азат еткен, артынан барлық саладағы төңкерістермен заманауи Түркияның іргетасын қалаған Ұлы көсем үшін бүкіл елде ол қайтыс болған сағат 09.05-те барлық нәрсе тоқтады.  Барша азамат бір минут үнсіз еске алды.

Сонымен бірге ел басшылары ұлы көсемнің мәңгілік мекені Анытқабірге барды. Президент Режеп Тайып Ердоған мен қасындағы делегация Атаға құрмет көрсетті.

Артынан Анытқабір азаматтардың зияратына ашылды. 82 жыл бұрынғы қайғыны дәл бүгін болғандай сезінетін мыңдаған адам Атасын зиярат етті.



Ұқсас жаңалықтар