Түркия жалғанға шығарды

Алтун хабардың жалған екенін баса айтты.

1499626
Түркия жалғанға шығарды

Армения Қорғаныс министрлігінің «Түркияның F-16 ұшағы Арменияның Su-25 ұшағын Армения әуе кеңістігінде құлатты» деген ақпаратын Түркия жоққа шығарды.

Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыстар жалғасып жатқан кезде,  Ереваннан Түркияға бір айыптау келді.  Армения Қорғаныс министрлігі Түркия әскери ұшағының Арменияның бір ұшағын құлатқанын алға тартты.

 Армяндар «Түрік F-16 ұшағы Армения әуе кеңістігіндегі Su-25 ұшағын Әзербайжан жерінен нысанаға алды» деп алға тартты.

Армения Қорғаныс министрлігі баспасөз хашысы Шушан Степанианның әлеуметтік желідегі парақшасында ұшақ құлатылған кезде әскери міндет орындауда болғаны да айтылды.

Арменияның айыптауын Әзербайжанның Қорғаныс министрлері жалғанға шығарды. Түркия атынан хабарламаны Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының басшысы Фахреттин Алтун жасады. Алтун хабардың жалған екенін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар