Түркия-Тәжікстанға жәрдем жолдаған үшінші ел
Тәжікстанға гуманитарлық жәрдемді ең көп жолдаған елдер Қытай, Өзбекстан және Түркия болды.
Түркия биылғы қаңтар мен тамыз айлары кезеңінде Тәжікстанға ең көп гуманитарлық жәрдем жасаған елдер арасына кірді.
Тәжікстан Статистика ұйымынан жасалған мәлімдемеде Тәжікстанға биыл 8 айда 54 елден 33 миллион 612.8 мың долларлық гуманитарлық жәрдем жасалғаны хабарланды.
Тәжікстанға жолданған 14.2 мың тонна гуманитарлық жәрдем материалдары арасында медициналық дәрі-дәрмек пен жабдықтар және басқа да тұрмыстық бұйымдары бар.
Елге ең көп жәрдем жолдаған елдер арасында 41.3 пайызбен Қытай алғашқы орынды иеледі. 12.3 пайызбен Өзбекстан екінші, 11.7 пайыздық жәрдеммен Түркия үшінші орынды иеледі.
Тәжікстанға өткен жылы әлемнің 55 елінен құны 54.7 миллион долларлық 18.3 мың тонна гуманитарлық жәрдем жасалды.
Ұқсас жаңалықтар
PKK/YPG-лік 2 террорист залалсыздандырылды
Сирияның солтүстігінде жүргізілген операциялар үздіксіз жалғасуда.
Вице-президент "Даму жолы" жобасы туралы мәлімдеді
Йылмаз: «Түркия бұл жобамен стратегиялық тұғырын одан әрі күшейтеді».