Түркия-Грекия әскери делегацияларының 5-ші жиналысы аяқталды

Ұлттық қорғаныс министрлігі кейінгі жиналыстың келесі аптада жоспарланғанын мәлімдеді.

1495336
Түркия-Грекия әскери делегацияларының 5-ші жиналысы аяқталды

Түркия-Грекия әскери делегациялары арасында бөліну әдістері туралы 5-ші техникалық кездесу НАТО-ның Бельгияның бас қаласы Брюссельдегі штаб-пәтерінде аяқталды.

Ұлттық қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде өткізілетін кейінгі кездесудің келесі аптада жоспарланғаны хабарланды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанмен НАТО Бас хатшысы Столтенбергтің бас қосуының артынан Түркия мен Грекия арасында техникалық келіссөздер 4 апта бұрын басталған еді.

Столтенберг екі НАТО мүшесінің кездейсоқ ыстық қақтығысқа түсуіне жол бермейтін механизмдер құру керектігін айтып, әскери лауазымдар арасындағы техникалық келіссөздердің Германия делдалдық жасайтын саяси келіссөздерге де үлес қосатынына сенімді екенін білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар