"Жерорта теңізі  дауылы - 2020" жаттығуына F-16 ұшақтары қатысты

"Жерорта теңізі  дауылы - 2020" әскери жаттығуына F-16 әскери ұшақтарының қатысуымен әуеден шабуыл міндеттері атқарылды.

1489124
"Жерорта теңізі  дауылы - 2020" жаттығуына F-16 ұшақтары қатысты

Ұлттық Қорғаныс министрлігі "Шәйіт капитан Женгиз Топел Жерорта теңізі  дауылы - 2020" әскери жаттығуының F-16 әскери ұшақтарының қатысуымен әуеден шабуыл міндеттерін атқару арқылы табыспен жалғасып жатқанын хабарлады. 

Ұлттық Қорғаныс министрлігі "Шәйіт капитан Женгиз Топел Жерорта теңізі  дауылы - 2020" әскери жаттығуына байланысты мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде:

"Солтүстік Кипр Түрік Республикасында жалғасып жатқан "Шәйіт капитан Женгиз Топел Жерорта теңізі  дауылы - 2020" әскери жаттығуында Әуе Күштерімізге қарасты F-16 әскери ұшақтарының да қатысуымен әуеден шабуыл міндеттері мен жақыннан әуе қоладуын беру міндеттері атқарылды" деп көрсетілді.

Министрлік әскери жаттығудың жаңа суреттерін бөлісті.  

Әсекери жаттығу 06-10 қыркүйек күндері арасында Солтүстік Кипр Түрік Республикасында ұйымдастырылды.



Ұқсас жаңалықтар