Түркия мен Грекия әскери делегацияларының бүгін бас қосуы күтіледі

Түркия-Грекия әскери делегациялары «Бөлі әдістері» тақырыбын қолға алу мақсатты бас қосады.

1488164
Түркия мен Грекия әскери делегацияларының бүгін бас қосуы күтіледі

Шығыс Жерорта теңізінде қақтығысу рискін жою мақсатты НАТО қадам басты, дегенмен Грекия келіссөзден қашқақтайды. 

НАТО шаңырағы астында түрік және грек тарапының әскери лауазымдылары келіссөздерді бүгін бастайды. 

Дегенмен Афины әкімшілігі келіссөздерге кедергі жасауға тырысуда. Сейсенбі күні өткізілуі жоспарланған жиналыс кейінге қалдырылған болатын. Жиналыстың бүгін НАТО штаб пәтерінде Түркия-Грекия әскери делегациялары жүзеге асуы күтіледі. 

Шығыс Жерорта теңізіндегі әскери болмысын арттыруды таңдаған Франция болса өз блогын құруға тырысуда. Франция президенті Эммануэль Макрон НАТО жиналысымен бірдей уақытта Испания, Португалия, Италия, Мальта және Кипр Понти Әкімшілігі басшыларын күтеді. 

Басшылар Корсика аралында Шығыс Жерорта теңізі дағдарысымен Түркия күн тәртібімен жиналады. 

Саммит алдында Макронның Грекия премьер-министрі Кириакос Мичотакиспен де оңаша бас қосуы күтіледі. Басшылардың Rafael әскери ұшақтарынан бастап, Францияның Грекияға қару саудасын қамтитын әскери ынтымақтастық келісіміне қол қоюы жоспарлануда.



Ұқсас жаңалықтар