"Жерорта теңізі дауылы – 2020" жаттығуы жалғасуда

Түркия және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) арасында басталған ортақ жаттығу табысты түрде жалғасуда.

1485783
"Жерорта теңізі дауылы – 2020" жаттығуы жалғасуда

Ұлттық Қорғаныс министрлігі шәйіт жүзбасы "Дженгиз Топель Жерорта теңізі дауылы – 2020" жаттығуының табыспен жалғасқанын білдірді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде жыл сайын жоспарланған шәйіт жүзбасы "Дженгиз Топель Жерорта теңізі дауылы" жаттығуының Түркия және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) қатысуымен жалғасқаны атап көрсетілді.

СКТР-нда орындалған жаттығудың 2020 жылы 10 қыркүйек күніне дейін жалғасатынын жеткізген мәлімдемеде Кипр Түрік бейбітшілік күштері қолбасшылығы мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Қауіпсіздік күштері қолбасшылығы арасында өзара оқу-жаттығу, ынтымақтастықты нығайту және бірге операциялық қабілетін арттырудың мақсат етілгені баса айтылды.

Мәлімдемеге қарағанда жаттығу Түркиядан әуе, теңіз мен құрлық авиациялық күштердің қатысуымен жауынгерлік іздеу құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға қоса, бригада қызмет күші жаттығуларын орындау түрінде біріккен және операциялық түрде жүзеге асты.

Түркияның отандық мүмкіншіліктермен жетілдірген қару жүйелері мен оқ-дәрілері қолданылғанын жаттығудың табысты түрде жалғасқаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар