"Ешкімге бас имейміз"

Президент Түркияда коронавирус эпидемиясының қазір бақылауда екенін айтты.

1475735
"Ешкімге бас имейміз"

 

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияда коронавирус эпидемиясының қазір бақылауда екенін айтты.

Ердоған бас қала Анкарада Башкент ұйымдасқан өнеркәсіп аймағында «Калион Күн технологиялары зауытының» ашылу салтанатына қатысты.  Осында сөйлеген сөзінде ковидке байланысты президент «Соңғы кезде вирус жұқтыру саны ішінара артып отырса да, эпидемия қазір бақылауымызда» деді.

Президент Шығыс Жерорта теңізіндегі оқиғаларға байланысты: «Бір ғасыр бүрын ұлт ретінде Севр келісімін қалай жыртып лақтырған болсақ, бүгінгі күні де шығыс Жерорта теңізінде елімізге күштеп ұсынылған Севрге бас имейміз» деді.

Ердоған Түркияның шығыс Жерорта теңізінен Ливияға дейін түрлі майдандарда жүргізген күресінің тек құқық күресі емес, тәуелсіздік күресі екенін де атап көрсетті.  «Шығыс Жерорта теңізіндегі мұнай және табиғи газ секілді байлықтардан  ешбір отаршыл күш елімізді мақұрым қалдыра алмайды» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар