Чавушоғлұ Жозеп Боррельмен кездесті

Мәвлүт Чавушоғлұ Түркияның Шығыс Жерорта теңізіндегі мүдделерін аяғына дейін қорғайтынын білдірді.

1468497
Чавушоғлұ Жозеп Боррельмен кездесті

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Түркияның Шығыс Жерорта теңізіндегі мүдделерін аяғына дейін қорғайтынын білдірді. 

Мәвлүт Чавушоғлұ ресми сапармен Малтаға барды. Чавушоғлұ Малта сапарында Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі мәртебелі өкілі Жозеп Боррельмен кездесті. 

Министр Чавушоғлұ кездесуге байланысты жасаған мәлімдемесінде "Кейбір мүше елдердің Еуропа Одағымен қарым-қатынастарымызға тосқауыл жасауына рұқсат берілмеуі керек. Босқын тақырыбында Еуропа Одағы уәдесінде тұрғаны жөн. Түркия Шығыс Жерорта теңізіндегі мүдделерін аяғына дейін қорғайды" деген сөздер қолданды. 

Осы барыста Чавушоғлұ Малта президенті Джордж Велла тарапынан қабылданды. 

Сыртқы істер министрі жасаған мәлімдемесінде "Веллаға президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның жақсы тілектерін жеткіздім. Малта Сыртқы істер министрі болған кезеңде қол қойылған келісімдер қарым-қатынастарымыздың дамуына маңызды үлес қосты. Лавиядағы дағдарыс және заңсыз мигрант тақырыбында Малтамен бірге жұмыс істейміз" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар