Аясофия мешіті 86 жылдан кейін 24 шілдеде құлшылық ету үшін ашылады

Мешіттің ашылуында алдымен Құран оқылып, сосын намаз қылынады.

1457037
Аясофия мешіті 86 жылдан кейін 24 шілдеде құлшылық ету үшін ашылады

Аясофия мешіті 86 жылдан кейін 24 шілдеде құлшылық ету үшін ашылады.

Мешіттің ашылуында алдымен Құран оқылып, сосын намаз қылынады.

Жұма намазы кезінде қабылданатын адам саны  коронавирусқа байланысты шектеулі болады.  Намазды Дін істері басқармасының төрағасы Али Эрбаш оқытады.

Мешіттің сыртында әлеуметтік қашықтық ережесін сақтай отырып намаз оқуға болады.

Азаматтар Сұлтанахмет алаңында да ғибадат ете алады. Алаңға келген азаматтар үшін маска, дезинфекциялық құрал және жайнамаз таратылады.

Стамбул губернаторлығы өткізген дайындық жиналысында ашылу күніне арналған шаралар қарастырылды.  Осыған сәйкес, 24 шілдеде Сұлтанахмет алаңы мен оның айналасы қауіпсіздік шаралары аясында жабылады. Көшеде көлік қозғалысы тоқтатылады, трамвай жұмыс істемейді. Алаңда 17 мың полиция жұмыс істейтін болады.

Мемлекеттік кеңестің 10-шы Департаменті Министрлер Кеңесінің 1934 жылғы 24 қарашадағы Аясофияны мешіттен мұражайға айналдыру туралы шешімін жойған еді.  Мемлекеттік Кеңестің осы шешімімен Аясофияда ғибадат етудің жолы ашылды.

Президент Режеп Тайып Ердоған: «Біз дайындықты тез аяқтап, Аясофияны  жұма намазымен бірге  2020 жылдың 24 шілдесінде  ғибадатқа ашуды жоспарлап отырмыз» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар