Түркияның медициналық көмегі Парагвайга ұласты

Парагвай Мемлекет басшысының жұбайы Сильвана Абдо твиттер парақшасынан мәлімдеме жасады.

1442056
Түркияның медициналық көмегі Парагвайга ұласты

Түркияның Сovid-19 эпидемиясымен күресте қолдану мақсатты жолдаған медициналық көмегі Парагвайга ұласты.

Парагвай Мемлекет басшысының жұбайы Сильвана Абдо твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде 281 мыңнан астам медициналық материалдың еліне ұласқанын жариялады.

Абдо Түркияға алғысын айтып, «Әсіресе Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған мен жұбайы Эмине Ердоғанға елімізге деген бұл жомарт қолдауы мен сүйіспеншілігі үшін алғысымызды білдіреміз» деді.

Түркия Парагвайға Сильвана Абдоның Эмине Ердоғаннан елінің эпидемиямен күресіне қолдау көрсету сұранысының артынан медициналық материал жолдаған еді.

Жабдықтар арасында 50 мың қорғаушы көзілдірік, мың қорғаушы киім, 30 мың N95 маска, 100 мың операциялық маска, 2 мың қорғаушы көзілдірік және 50 мың галош бар.



Ұқсас жаңалықтар