Чавушоғлұ АҚШ жайлы мәлімдеме жасады

Чавушоғлұ президент Ердоған мен Трамптың індет басталғаннан бері жақын диалог ішінде екенін баяндады.

1439211
Чавушоғлұ АҚШ жайлы мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ президент Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Дональд Трамп арасында Ливияда бірге жұмыс істеу тақырыбында болымды тұғыр ұстанғандарын, сондай-ақ Вашингтонмен  бірге жұмыс істеу тақырыбында бұйрық берілгенін айтты. 

Чавушоғлұ орталығы АҚШ-та болған Түрік-Америка ұлттық бағыт комитетінің (TASC) видео конференция арқылы ұйымдастырған жиналыста күн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасады. 

Чавушоғлұ Түрік-Америка қарым-қатынастарында толқымалы кезеңнің әрқашан болғанын түсіндірді. Министр Чавушоғлұ алайда жаңа коронавирус індеті процесі екі ел арасындағы қарым-қатынастарда "жаңа бір көкжиек ашқанын" білдірді. 

Президент Ердоған мен Трамптың індет басталғанан бері жақын диалог ішінде екенін баяндаған Чавушоғлұ Түркияның АҚШ-қа медициналық жәрдемдерінің мемлекетте өте болымды жаңғырық жаратқанын және шынайы одақтастықтың маңыздылығының бір  дәлелі екенін айтты. 

АҚШ-тың соңғы кездерде Ливия тақырыбында тіпті белсенді бола бастағанын атап өткен Чавушоғлұ сөзін былай жалғастырды: "Құрметті президентіміз Түркия мен АҚШ болып бірге жұмыс істеуімізді талап етті. Құрметті Трамп та бұған болымды қарады және сыртқы істер министрлері, қорғаныс министрлері және ұлттық барлау ұйымдары деңгейінде бірге жұмыс істеу бұйрығын алдық. Қазір техникалық деңгейде достарымызбен кездесу өткізудеміз. Бұл жерде бірге әрекет жасауымыз аймақтың тұрақтылығы және Ливияның болашағы тұрғысынан өте маңызды" .

Вашингтонның бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ға қолдау беруінен туындаған АҚШ пен Түркия арасында Сириядағы көзқарас айырмашылықтарының болғанына назар аударған Чавушоғлұ мұның басқа тақырыптарды қамтымайтынын айтты.

Чавушоғлұ "АҚШ-тың Сирияда YPG-мен ымыраласуынан өте мазасызбыз. Бұл жерде әсіресе Сирияның бөлшектенуіне бағытталған мұндай әрекеттердің доғарылуы керек. Қарым-қатынастарымызға көлеңке түсірген ең маңызды мәселелердің біреуі де осы" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар