Швециядағы түрік науқас ұшақпен Түркияға әкелінді

Мальме қаласында Сovid-19-бен ауырған түрік азаматы 3 баласымен Түркияға әкелінді.

1405484
Швециядағы түрік науқас ұшақпен Түркияға әкелінді

Швецияның Мальме қаласында жаңа тип коронавирус (Сovid-19) жұқтырғанына қарамастан емдемей үйіне қайтарылған 47 жасар түрік азаматы Эмруллах Гүлүшкен 3 баласымен бірге Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің Жедел құтқару ұшағымен Түркияға әкелінді.

Жедел құтқару ұшағы жергілікті уақытпен сағат 09.00-де Мальме Стуруп әуежайынан Эмруллах Гүлүшкенге қоса, балалары Эсма, Самира және Махмудты алып ұшты.

Эмруллах Гүлүшкеннің Швецияда қалған қызы Ләйле Гүлүшкен түрік лауазымдылардың оқиғаны естіген соң өздеріне хабарласқанын атап, «Ондаған лауазымдыдан телефон келді. Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа бізге ұшақ жолдады. Елімізді мақтан тұтамыз» деді.

Батманның Герджүш ауданынан Швецияға қоныс аударғандарын түсіндірген Гүлүшкен Түркия Республикасының өздерін ортада қалдырмағанын атап «Бұл үшін президент Режеп Тайып Ердоғанға, Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджаға, Түркияның Швециядағы өкілетті елшісі Хаккы Эмре Юнт мырза мен Әділет және даму партиясы депутаты Зафер Сыракаяға, Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы төрағасы Абдуллах Эрен мен Халықаралық Демократтар Одағының (UID) Швециядағы төрағасы Өзер Эркенге алғысым шексіз» деді.

Сovid-19 расталған соң емдемей үйіне қайтарылған 47 жасар Эмруллах Гүлүшкеннің қызы Самира Гүлүшкен әлеуметтік медиадан жасаған «Жанұямызбен бірге Швецияа өмір сүреміз. Әкем 11 күн бұрын қызуы көтеріліп, қиналып тыныс ала бастады. Ауруханаға телефон шалдық, өкінішке орай жәрдем келмеді және бізді жалғыз қалдырды. Күн сайын ауруханамен хабарласып отырдық, дегенмен бізге қайтып хабарласпай қойды» деп жәрдем сұраған болатын.

Денсаулық сақтау министр Коджа Самира Гүлүшкенге телефон шалып, 3 баласымен бірге Түркияға әкелу үшін жедел құтқару ұшағын жолдауға тапсырма берген еді.



Ұқсас жаңалықтар