Бүгін 23 сәуір Ұлттық егемендік және Балалар мерекесі тойлануда

Министрлер Анытқабірге барып, гүл шоқтарын қояды.

1403861
Бүгін 23 сәуір Ұлттық егемендік және Балалар мерекесі тойлануда

23 сәуір Ұлттық егемендік және Балалар мерекесі мен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіміздің 100 жылдығы тойлануда. 

Ұлттық Білім беру министрі Зия Селчук 23 сәуір Ұлттық егемендік және Балалар мерекесіне байланысты Анытқабірге барды. Мисак-ы Милли мұнарасында Анытқабір арнайы дәптеріне қолтаңба қалдырған министр дәптерге әрбір баланың өміріне әсер ету үшін бар күшімен жұмыстанғандарын,  осы санамен оларды ұлттық және рухани құндылықтарына берік, ғаламдық құндылықтарға ашық, өз дәуіріне бағыт беретін білім мен қабілетке ие, ойы еркін, ұжданы еркін ұрпақтар ретінде жетілдіру үшін талпынатындарын жазды. 

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Мәжілістің 100 жылдық рәсімі шеңберінде Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Анытқабір және Алғашқы мәжіліс ғимараттарындағы рәсімдерге қатысады. 

Шентоп Мәжіліс жалпы кеңесіне басшылық жасап,  Мәжілісте болатын жарық, отшашу және лазер қойылымдарын тамашалайды. 

Президент орынбасары Фуат Октай мен Республика Халық партиясы төрағасы Кемал Кылычдароғлу да Анытқабір және Алғашқы мәжіліс ғимаратындағы рәсімдерге және Мәжілістегі жиналысқа қатысады. 

Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлу Анытқабірдегі рәсімдерге қатысады.



Ұқсас жаңалықтар