ТҰҰМ төрағасы 44 елдің парламентіне хат жолдады

ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп 44 елдің парламентін коронавирусқа қарсы күресте ынтымақтастыққа шақырды.

1389879
ТҰҰМ төрағасы 44 елдің парламентіне хат жолдады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп 44 елдің парламент төрағаларына хат жолдады.

Шентоп жазған хатында жаңа тип коронавируспен (Сovid-19) күрес аясында ынтымақтастықтың маңызына назар аударды.

Шентоп Азияның парламенттік Ассамблеясы (AПA) төрағасы ретінде жазған хатында жаһандық бір эпидемияға айналған коронавирусқа қарсы бүкіл елдердің бірігіп қозғалу керектігін атап көрсетті.

Шентоп Түркияның бұл маңызды, бұрын-соңды болмаған және әлемнің түкпір-түкпірінде адамдар мен елдерде, әсіресе Сovid-19-бен тығыз күрескен Азиядағы достармен шын жүректен ынтымақтасқанын атап көрсетті.

Шентоп бұл өте қауіпті және жойқын вирусты ең қысқа уақытта жеңу және жою үшін әртүрлі ынтымақтастық пен жәрдемге дайын екендерін білдірді.

Шентоп хатында «Бұл жойқын қауіп жаһандық бір эпидемия болғандықтан барлық тиісті парламент, үкімет және азаматтық қоғам мекемелерінің кейбір ортақ және бір-бірімен ұйқасатын шараларды кешікпей қабылдау керектігіне сенемін. Бұл маңызды халықаралық шарттарда ынтымақтастық пен пидақорлығымызды ең мықты түрде ортаға қоюдың баршамыздың адамзаттық жауапкершілігіміз екенін баса айтқым келеді. Адамзатты бұл қауіптен құтқару үшін бірігіп, нақты түрде шешімдер қабылдауға кедергі жасайтын екі жақты немесе көп тұсты тосқауылдарды бір шетке тастауды ұсынамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар