Президент Ердоған орыс және украиналық әріптестерімен әңгімелесті

Президент Ердоған Ресей және Украина президенттерімен телефонда сөйлесті.

1389559
Президент Ердоған орыс және украиналық әріптестерімен әңгімелесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефонда бөлек сөйлесті.

Коммуникация басқармасының мәлімдемесіне қарағанда Путинмен әңгімесі барысында жаңа коронавируспен (Сovid-19) күресте ынтымақтастық тақырыптары, өзара ынтымақтастық және аймақтық мәселелер қолға алынды.

Ресей президенттік сарайы Кремльдің баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған мен Путин Сovid-19 эпидемиясымен байланысты жағдайды талқылап, инфекциямен күрес үшін қабылданған шаралар тақырыбында бірі-бірімен ақпарат бөлісті.

Әңгіме барысында Сovid-19 салдарынан Түркияда өмір сүрген орыс азаматтардың елдеріне оралуы тақырыбында ынтымақтастық тақырыбы да қолға алынды.

Екі басшы Идлиб аймағындағы жағдайды тұрақтандыру үшін 5 наурызда қол қойылған Ресей-Түркия келісімінің іске қосылуы, Идлиб және Сирия мәселесі жайлы ауқымды көзқарас алмасты.

Ливия мәселесін де қолға алған Ердоған мен Путин екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды да бағалады.

Екі басшы әртүрлі деңгейде байланыстарды жалғастыруға шешім қабылдады.

Коммуникация басқармасы сондай-ақ Ердоғанның Зеленскиймен әңгімесінде жаңа тип коронавируспен күресте ынтымақтастық шараларынан бастап, екі жақты қарым-қатынастар мен аймақтық мәселелердің қолға алынғаны білдірілді.

Украина президенттік аппаратынан жасалған мәлімдемеде болса Ердоған мен Зеленскийдің бүкіл әлемге тараған Сovid-19-бен байланысты әңгімелескені және екі ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатты қабылданған шараларды қолға алғандары білдірілді.

Мәлімдемеде «Ердоған Украинаның Түркиядан тыныс алу аппараты мен арнайы сақтандыру қиімдері сұранысын бағалайтынын тілге тиек етті» делінді.



Ұқсас жаңалықтар