Түркия НАТО-ға мүше болған Солтүстік Македонияны құттықтады

Түркия НАТО-ның  30-шы одақтасы ретінде қосылған Солтүстік Македонияны құттықтады.

1386914
Түркия НАТО-ға мүше болған Солтүстік Македонияны құттықтады

Түркия НАТО-ның  30-шы одақтасы ретінде қосылған Солтүстік Македонияны құттықтады.

Сыртқы істер министрлігі жасалған мәлімдемеде «Солтүстік Македонияның Солтүстік Атлант одақтастығына 30-шы одақтас ретінде қосылғанына қуаныштымыз» делінді.

Солтүстік Македония Республикасының НАТО-ға толық мүшелігінің Балканда қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды бір қадам екені атап көрсетілген мәлімдемеде «Бұл мүшелік сондай-ақ НАТО-ның жаһандық құндылықтарын қорғау аясында мүмкіншіліктері мен қабілеттерін арттырады. Түркия мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы терең достық және ынтымақтастықтың одақтастық рухпен жаңа бір тұғырға көшетініне сеніміз мол» делінді.



Ұқсас жаңалықтар