Президент Ғылыми кеңестің жиналысына қатысты

Ердоған жиналыста коронавируспен күрес үшін Ғылыми кеңес мүшелеріне алғыс айтты.

1385652
Президент Ғылыми кеңестің жиналысына қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Коронавирус Ғылыми кеңесінің жиналысына видео конференция арқылы қатысты. 

Денсаулықты сақтау министрі Фахреттин Кожа және Ұлттық білім беру министрі Зия Селчуктан мәлімет алған Ердоған жиналыста коронавируспен күрес үшін Ғылыми кеңес мүшелеріне алғыс айтты. 

Түркияның осы ауруға қарсы шараларын уақытында қабылдауында және процестің мүмкіндігінше жеңіл болуында Ғылыми кеңестің ескертпе және жұмысының маңызды рол ойнағанын тілге тиек етті.  Ердоған: “Ұлтымыз осы вируспен күрес шеңберінде қолданылған шараларды көбіне түсінікпен қабылдады. Қоғамымызда қауіптің зор екенін әлі толықтақ түсінбегендер болса да азаматтарымыздың сезімталдығына ризамыз. Мәселенің маңыздылығын түсінбегендер де сіздердің кеңестеріңізбен қысқа уақытта орынды қозғалатын болады деген сенімдемін” деді. 

“Еліміздегі оқиға және өлім көрсеткіштері өте жоғары емес. Сәуір айының алғашқы күндеріне байланысты болжамдар жақсы. Осы процесте медициналық қызметкерлердің пидақорлығы мақтауға тұрады. Медициналық қызметкерлерді тағы бір рет құттықтаймын” деді ол. 

Президент Ердоған халықтың барлық проблемасының шешілуі үшін жұмыстанып жатқандарын айтып: “Түркия Республикасы мемлекеті барлық мүмкіндіктерімен 83 миллион азаматының жанында. Сол секілді шетелде өмір сүретін азаматтарымызбен де елшіліктер және консулдықтар арқылы жақын байланыстамыз. Елге қайтқысы келетін азаматтарымызға,  студенттерге оралу мүмкіндігін беріп жатырмыз” деді.



Ұқсас жаңалықтар