Президент министрлермен кездесті

Ердоған коронавируспен күрес шараларына байланысты министрлермен телеконференция өткізді.

1384171
Президент министрлермен кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған коронавирус шараларына байланысты:

"Ұлтымыз үшін қызмет етуді жалғастырамыз. Барлық ұйымдарымыз бен мекемелеріміздің жұмысын бақылап отырмыз, қадамдарымызды бірге басып келеміз" деді. 

Ердоған әлеуметтік желіден жасаған мәлімдемесінде министрлермен өткізген телеконференция кездесулерінің көрінісін жариялады.

Президент Ердоған Түркияның коронавируспен күресі жалғасып жатқанын айтты.

Президенттің орынбасары Фуат Октаймен кездесуінде энергия қарыздарын төлеудің кешіктірілетінін білдірген Ердоған Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлумен кездесуінде топтық қатынасты қолданушылардың азайғанына байланысты мәліметті тыңдады.

Ердоған Ұлттық Білім беру министрі Зия Селчукке алыстан білім беру жұмыстарына орай алғыс айтты. Мектеп демалыстары жөнінде Ғылым Кеңесінің ұсыныстарын тыңдайтындарын атап өтті.

Президент Ердоған Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожамен кездесуінде Қытайдан әкелінген 50 мың дана вирус диагноз қою жабдығына байланысты соңғы жағдайды ұғысты.  



Ұқсас жаңалықтар