Президент Режеп Тайып Ердоғаннан халыққа шақыру

Президент Режеп Тайып Ердоған халықты «үйде тұруды жалғастыруға» шақырды.

1382720
Президент Режеп Тайып Ердоғаннан халыққа шақыру
Kalın.jpg

Президент Ердоған твиттерде жариялаған хабарламасында «Көңіл күйіңіз жақсы болсын! Біздің мемлекетіміз барлық мекемелерімен міндетін атқаруда. Уақыт түсінігіне қарамай халқына қызмет етеді» деді.

Президент Ердоған «Біз бұл қиын процестен Құдай қаласа бірге өтеміз. Ережелер мен нұсқауларға бағынайық және міндетті түрде үйлерімізде отыруды жалғастырайық. Әрі медициналық, әрі денсаулықтан тыс барлық өнімдер қол жетімді» деді.

Ердоғанның шақыруына қолдау ретінде Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын да «үйіңізден шықпаңыз» хабарламасы жариялады.

Калын өзінің твиттердегі парақшасынан жасаған мәлімдемесінде қазір бүкіл әлемде вирус жұқтырған адам санының 300 мыңнан және қайтыс болған адам санының 13 мыңнан асқанын білдірді.

Эпидемияның жылдамдығын жоғалтпағанын атап айтқан Калын «Барлығымыз абай болуымыз керек. Қарттарымызға оларды ренжітпестен ескертейік, ережелерді бірге орындайық. Үйде болыңыз және күресуге үлес қосыңыз. Басқа амал жоқ. Біз бірге табысқа жетеміз. «Маған ештеңе болмайды, мен жаспын, денім сау, біз үйде зерігіп кеттік, сыртқа шығайық. Бәрі үйінде отыр, біз шықсақ ештеңе қылмайды» дейтіндер өздеріне және айналасындағы адамдарға үлкен зиян тигізуі мүмкін. Сақтық шарасы таңдау емес, міндет болып табылады. Абайсыздықтың шығыны ауыр болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар